{metadescription}
Ұшақ соғылған екі қабатты жер үйде адамдар тұрыпты
Ұшақ соғылған екі қабатты жер үйде адамдар тұрыпты

Ұшақ соғылған екі қабатты жер үйде адамдар тұрыпты

Алматы іргесіне жолаушыға толы ұшақ апатқа ұшырады. Қайғылы жағдай таңсәріде болды. «Бек-Эйр» компаниясына тиесілі «Фоккер» маркалы әуе кемесі Нұр-Сұлтанға қарай ұшып шыққан. Алайда әуежайдан маңындағы елді мекеннің төбесінен өте бергенде қажетті биіктікке көтеріле алмай, құлады. Бортында 98 адам болған, соның бесеуі экипаж мүшесі. 15 адам қаза тапты. Оқиға орнында болған тілшіміз жантүршігерлік жайттың қалай болғанын айтып береді.   

«Бек Эйр» компаниясына тиесілі ұшақ ұшып шыққаннан кейін 17 минуттан соң радардан жоғалып кетті. Белгілі болғандай, жолаушылар толы әуе кемесі өзіне қажетті биіктігіне көтеріле алмай, жеке үйлердің біріне барып соғылған. Апат Алматыдан төрт шақырым жердегі Гүлдала ауылында болды. Ұшақ құлаған жер қоршауға алынып, ешкімді жолатпай жатыр!

Бұл апаттан кейінгі алғашқы кадрлер. Шыңғырған жолаушылардың дауысынан жан түршігеді. Ал көрініс одан да қорқынышты. Әр жерде шашылған ұшақ қалдықтары мен мәйіттер.  

Жолаушылар не болғанын түсініп үлгергенше, ұшақ екі қабатты үйге соғылып, әуе кемесінің жартысы жапырылып кеткен. Белгілі болғандай, ұшақ Нұр-Сұлтанға қарай бағыт алған екен. Алайда, әуежайдан төрт шақырым өтер-өтпестен, төмен қарай құлдилапты. Бортта 98 адам болған. Олардың 93-і жолаушы, 5-уі экипаж мүшесі. Бастапқыда 9 адам қайтыс болды делінген. Алайда, түс аумастан қара тізім 15 адамға өсті. 

Құлаған ұшаққа ауыл тұрғындары да жаппай көмекке ұмтылған. Қатты гүрсілден шошып оянған олар бастапқыда жарылыс болды деп ойлаған екен. Айта кету керек, Гүлдала әуежай іргесіндегі жалғыз ауыл емес. Бойын үрей билеген жұрт енді «жағдай қайталана ма?» деп қорқып отыр.      

Майгүл Ақанұрова, оқиға куәгері:

- Тұтас, жанжақтағы көршілер бәрі жүгіріп жатты. Қорқынышты, қанша дегенмен төбемізден ұшады. Мысалы, қиындау ма деп ойлаймын. Енді амал жоқ, жерді осы жерден алғаннан кейін амалсыз тұруға тура келіп тұр.   

Оқиға куәгерлері апатқа ұшыраған ұшақ әуежайға қайтқысы келген болуы мүмкін деп отыр. Олай дейтіні, ұшақтың тұмсығы сонда қарап құлаған. Ал тас-талқаны шыққан екі қабатты жер үйде адамдар тұрыпты. Бірақ, апат кезінде үйде жан баласының болғаны, не болмағаны туралы мәлімет айтылмай жатыр. Оқиғаның ақ-қарасы анықталмайынша, тәртіп сақшылары апат орнын күні-түні күзетпек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде