{metadescription}
«Дегдар» қоры Қарағанды, Қостанай және Семейдегі жетім балалардың тілегін орындады
«Дегдар» қоры Қарағанды, Қостанай және Семейдегі жетім балалардың тілегін орындады

«Дегдар» қоры Қарағанды, Қостанай және Семейдегі жетім балалардың тілегін орындады

Қарағанды облысындағы, Қостанай және Семей қалаларындағы жетім балаларға Аяз атаның сыйлықтары табыс етілді. Жыл бойы өзін жақсы қырынан көрсеткен жеткіншектер тілегін Дариға Назарбаеваның «Дегдар» қоры орындады. Сыйлық ала келгендерді ән-күйлетіп қарсы алған жетім балалар ризашылықтарын жасырмай, болшақтағы жоспарларымен бөлісті.    

Қарағандыдан 100 шақырым жерде орналасқан Литвинов интернатының балалары сыйлықты асыға күткен. Себебі, олар аяз атаға хатты бір ай бұрын жазып тағаттары таусылып жүріпті. «Дегдар» қорының өкілдері келгенде балақайлар ән шырқап, би билеп берді. Ал сыйлық табыстау сәтінде жүздері жайнаған олардың әрқайсысы өз тапсырыстарына қол жеткізді. Аяз атаның көмекшілері қазіргі жастар гаджетке жақын дейді. Сондықтан басты сиқыршыға жазған хаттарында смартфон, оны қуатайтын құрылғылар және түрлі техникалық заттарға тапсырыс беріпті.

Семейлік бүлдіршіндер керісінше пультпен басқарылатын ойыншықтарға құмар екен. Олар да келген қонақтарды қуана қарсы алып, бар өнерін ортаға салды. Қайырымдылық қаражаты «Дегдар» қоры ұйымдастырған «Мелодия волшебства» фестивалінен жиналған.

Антон Клименко Ливтвинов балалар үйінің тәрбиеленушісі:

- Мен армандаған смартфоныма қол жеткіздім. Болашақта блогер болғым келеді. Сондықтан жеке парақшамды аштым. Фотосуретке түскенді ұнатамын. Парақшамда сурет өңдеудің қыр-сыры туралы айтамын, ақыл кеңестер аламын. Қазір парақшама 270 адам жазылған. Болашақта бұл санды 2-3 мыңға жеткізсем деймін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде