Сотта салымшыларын алдаған West house директорына жеңілдік жасалды
Ақтөбеде 70-ке жуық салымшыны сан соқтырған West house кооперативінің директорына қатысты сот басталды. Жадыра Садықова баспанадан үмітті болғандардың ақшасын өзі иемденіп кеткен.
Автор: Жаңалық Ахаш
30.12.2019
Алғашқы сот отырысына отыздан аса жәбірленуші келді. Жолдың алыстығынан және көктайғақ кесірінен көрші Атырау облысы мен аудандардан салымшылар жете алмапты. Сотталушының өзі ешкіммен сөйлескісі жоқ. Процесске үйінен қатынап жүр. Бұған дейін салымшылар оның қолхатпен бостандықта жүргеніне қарсы шыққан еді. Бірақ судья жас босанған келіншекке жеңілдік жасаған. Енді жәбірленушілер миллиондаған ақшаны қалтасына басқан кооператив басшысына қатаң жаза кесілуін талап етуде.
Нұрлайым Досмұханбетова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
- Ол ақшаны қайтып беремін деп, мүлдем байланысқа шықпады. Біздің соңғы ақшамыз. Жасым 60-қа келіп қалды. Енді мен ақша жинай алмаймын. Үйсіз қалдым, шегінетін жер жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!