Ел үміті! Білім, мәдениет, ғылым мен стартап жобалары трансформацияланады
Тұңғыш Президент – Елбасы қоры биыл Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ел үміті» бастамасы аясында үлкен трансформация жүргізбек. Ол білім, мәдениет, ғылым мен стартап жобалардың барлығын қамтиды.
Автор: Ербол Тұрымбет
08.01.2020
Әсет Исекешев, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры:
- 2019шы жылы Елбасы қоры 95 жобаны іске асырды. Бұл білім беру саласындағы дарынды және шығармашылық және ғылымдағы жастармен балаларды қолдауға бағыт алған жобалар. Сонымен қатар, әлеуметтік жобалар. Оның ішінде, қайырымдылық шаралары да бар.
Қор жағдайын Елбасына баяндаған атқарушы директор Әсет Исекешевтің айтуынша, былтыр қордың ұйымдастыруымен өткен шараларға қатысқан адамдардың саны 460 мың адамға жеткен.
Биыл Елбасының тапсырмасымен Әлемдік экономика және саясат институтының негізінде геосаясат, экономика, адам капиталы, сондай-ақ, әлеуметтік және аймақтық зерттеулер жүргізуге стратегиялық Ойлау орталығы құрылмақ. Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма беріп, дарынды жастарды қолдауды жалғастыруды міндеттеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!