{metadescription}
Тісін емдеген екі жасар қыз екі аптадан бері ес-түссіз жатыр
Тісін емдеген екі жасар қыз екі аптадан бері ес-түссіз жатыр

Тісін емдеген екі жасар қыз екі аптадан бері ес-түссіз жатыр

Елордада жасы екіден енді асқан қыз екі аптадан бері ес-түссіз жатыр. Жекеменшік тіс емханасындағы ем-домнан кейін балақай осындай ауыр халге түскен. Анасының сөзінше, бүлдіршінге төрт жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайтын дәрілік заттың кесірі тиген. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрі емхананы тексеру жөнінде пәрмен берді. Бірақ соған қарамастан, емдеу мекемесі жұмысын жалғастырып жатыр.

Екі жарым жастағы Алиса, анасының сөзінше, бұған дейін ешқандай дертке шалдықпаған. Дәрілік заттардың ағзасына кері әсері де болмапты. Ал жекеменшік емханаға тіс жегін емдетуге барыпты. Балақай осы уақытқа дейін де тіс дәрігерінің қабылдауында болған екен. Сондықтан емдер алдында дәрілік заттардың аллергиялық әсеріне сынама жасалмапты.   

Анастасия Зеленая, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Бірер сәттен кейін жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Бірден «менің балама шақырылды ма?» деп сұрағанымда, қызметкерлер олай емес екенін жеткізді. Алайда баламды ауруханаға алып кеткенін білдім. Кейін дәрігерлер 40 минуттық клиникалық өлім тіркелгенін және қызымның ауыр халде жатқанын айтты.

Әуелде балақайды №3 ауруханаға жеткізген. Қазір миының церебралды ісінуі расталып отыр. Бүлдіршіннің қашан есін жияры белгісіз.  

Нұрила Малтабарова, анестезиолог-реаниматолог:

- Баланың жағдайы қазір өте нашар. Комаға түскен себебі, оттегі жетіспеген. Команың арты ми сұйылуы болады. Сондықтан біз сіздерге ертең, не бүгін жазылып кетеді деп айта алмаймыз.

Жекеменшік тіс емханасы 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Лицензиясы да бар. Болған жайға байланысты тексеру жұмыстары қазір жүргізіліп жатқанымен, емхана жұмысын тоқтатқан жоқ. Ал басшылығы орнында болмай шықты.

- Басшымыз қазір жұмыс орнында жоқ. Бұл жағдайға қатысты түсініктеме бере алмаймын. Клиникада тексеру болып жатыр.  

Анасының сөзінше, екі аптада ес-түссіз жатқан баланың жағдайына әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін ғана министрлік тарапы алаңдаушылық білдіріп, шара қабылдаған. Тіс емханасында желтоқсанның 30-нан бері тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесі жақын күндері белгілі болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 қаңтар

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.