Атаулы әлеуметтік көмек жаңа тәртіппен беріледі
Қаңтар айынан бастап атаулы әлеуметтік көмек жаңа тәртіппен беріледі. Оның көлемі кедейлік шегі мен жан басына шаққандағы орташа кіріс аралығындағы айырмашылықты құрайды. Ал кедейлік шегі елімізде 24 мың теңгеден сәл асады.
Автор: Ербол Тұрымбет
08.01.2020
Отбасының әрбір мүшесінің кірісі содан қанша төмен болса, әрқайсысына сонша ақша төленеді. Тағы бір ерекшелігі, әлеуметтік көмек жағдайы төмен отбасыларға тоқсан сайын төленіп отырады. Сондай-ақ, бұдан былай жағдайы төмен отбасында еңбекке қабілетті адам болса және ол ұсынылған жұмыстан бас тартса, онда атаулы әлеуметтік көмек төленбейді. Себебі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі енді ондай азаматтарға үйіне жақын жерден қабілетіне қарай игере алатын жұмыс тауып берумен айналыспақ. Айта кетерлігі, осыған дейін көпбалалы аналар атынан еліміздегі бүкіл балаға 20 мың теңгеден төлеп отыру туралы ұсыныс жасалған еді. Үкімет оны қолдамады.
Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Барлығына 20 мың теңгеден төлеу деген – дұрыс емес. Біріншіден, біз оған кететін қаржыны есептеуіміз керек. Екіншіден, ең негізгі мәселе, біз халықты жұмыс істетуге тырысып, көмекті мұқтаж адамдарға беруіміз керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!