{metadescription}
Дубайға қатынайтын ұшақтардың бағыты неге өзгерді  
Дубайға қатынайтын ұшақтардың бағыты неге өзгерді  

Дубайға қатынайтын ұшақтардың бағыты неге өзгерді  

Парсы шығанағындағы шиеленіс отандық әуе компанияларын да алаңдатып отыр. Мәселен, «Эйр Астана» Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Дубайға қатынайтын ұшақтардың бағыты өзгергенін мәлімдеді. Осылайша олар Иран мен Ирак аспанын айналып өтеді.

Соңғы түзетуге байланысты ұшу уақыты да ұзарады. Алматыдан Дубайға 20, Нұр-Сұлтаннан осы бағытқа 55 минутқа кешігіп қонады. «Скат» әуе компаниясы да осындай шешім қабылдады. Қазақстаннан Сауд Арабиясы мен Шарм-әл-Шейхқа жолаушы таситын әуе кемелері басқа мемлекеттердің кеңістігімен ұшады. Осылайша орташа бұл бағытта бір, бір жарым сағатқа ұшу уақыты ұзарады. Азаматтық авиация комитеті әзірге Иран мен басқа да Таяу Шығыс елдерінің үстімен ұшуға ресми тыйым салынбағанын айтты. Олар тек өз тарапынан отандық әуе компанияларына ұшпау туралы ұсыныс жасаған.

Тимур Тілегенов, Азаматтық авиация комитеті Әуе тасымалдары басқармасының басшысы:

- Иран әуе кеңістігін қолданбай, басқа, Солтүстік Қазақстан облысын алатын болсақ, Ресей, Әзірбайжан, Кипр мемлекеттерінің әуе кеңістігін қолдана отырып, сол мемлекеттер арқылы ұшады. Алматы қаласын алатын болсақ, Ауғанстан, Пәкістан, Оман мемлекеттерінің әуе кеңістігін қолдана отырып, Біріккен араб әмірліктеріне ұшуға жоспарлап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде