Сүйінші! Сегіз оңалту орталығы мен 16 инклюзивті қолдау кабинеті құрылады
Елімізде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған сегіз оңалту орталығы ашылып, 16 инклюзивті қолдау кабинеті құрылады. «Самұрық-Қазына» қоры мен Елбасы қоры осындай игі шараларды бірге атқаруға уағдаласты.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
09.01.2020
Әлеуметтік жобалар еліміздің тұңғыш президентінің бастамасы – «Қамқорлық» бағдарламасы аясында жүзеге аспақ. Өз кезегінде, Елбасы қоры 171 маманды оқытады және аталған орталықтарды ашуға 49 оңалтушының біліктілігін арттырады. «Самұрық-Қазына» аталмыш орталықтарды құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етеді.
Әсет Исекешев, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры:
- Былтыр Елбасы бастамасымен «Қамқорлық» бағдарламасы жүзеге асты. Біздің біріккен жұмыс тобымыз 8 облысты аралап қайтты. Орталықтарға орындарды таңдады, бірақ, біз уақыт тығыз екендігін ескеріп, жаңа ғимарат салмаймыз деп шештік. Яғни, жақсы нысан тауып, соны жөндеп, құрал-жабдықтармен қамтып, білікті мамандарды тартуды көздеп отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!