{metadescription}
Шетелде бой тасалап жүрген жемқорларды қолға түсіру жеңілдеді  
Шетелде бой тасалап жүрген жемқорларды қолға түсіру жеңілдеді  

Шетелде бой тасалап жүрген жемқорларды қолға түсіру жеңілдеді  

Жемқорлыққа қатысы бар 33 қазақстандық шетелде бой тасалап жүр. Оларды ұстау енді Жемқорлыққа қарсы агенттікке біршама жеңілдемек. Өйткені Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттер тобына кірді.

Топқа мүше болу арқылы шекара асып кеткен парақорларды қысқа мерзімде елге экстрадициялау мүмкіндігі кеңеймек. Қазақстан ГРЕКО ұйымына 50-інші ел болып кірді. Сондай-ақ, елдегі сыйбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың еуропалық стандарттарға сәйкестігіне тұрақты мониторинг жүргізу көзделген.

Олжас Бектенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:

- Бұл еліміз үшін аса маңызды оқиға деп айтсақ,  қателеспейміз. Қысқаша ГРЕКО деп аталатын Еуропа кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттердің тобы мүше елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сатыларын жоғары еуропалық стандарттардың негізінде жетілдіру мақсатында 1999 жылы құрылған болатын.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 қаңтар

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде