{metadescription}
Ұлт руханиятының көкжиегін кеңейткен академик Өмірзақ Айтбайұлы өмірден озды
Ұлт руханиятының көкжиегін кеңейткен академик Өмірзақ Айтбайұлы өмірден озды

Ұлт руханиятының көкжиегін кеңейткен академик Өмірзақ Айтбайұлы өмірден озды

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбайұлы 83 жасында өмірден озды. Тіл ғылымының дамуына ерекше үлес қосқан ғалым Кеңес заманының өзінде ана тілімізді өркендету тұрғысында қажырлы еңбек еткен тұлға.

Өмірзақ Айтбайұлы Түркістан облысының Отырар ауданында дүниеге келген. Кезіндегі Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филиология факультетін тәмәмдаған ол, 60 жылға жуық тіл білімі институтында қызмет атқарды. Ұлтымыздың терминологиясын індете зерттеген ғалым артына бірнеше монография және 600-ден астам ғылыми еңбек қалдырды.

Сондай-ақ, 1989 жылдың қазан айында құрылған халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының алғашқы президенті Әбдуәли Қайдардың орынбасары болып, кейін ұйымды өзі басқарды. Ұлт руханиятының көкжиегін кеңейткен академик, тіл саясатының берік орнауына орасан еңбек сіңірді.

Сәрсенбай Құлманов, А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты директорының орынбасары:

- Өмірзақ Айтбайұлы өмірінің соңында негізінен терминология және аударма тануға арналған мектеп қалыптастырды. Өмірзақ Атбайұлының жетекшілігмен бірнеше ғылым докторы, кандидат тіл білімі институтынан қанат қағып, ғылымға, өмірге жолдама алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 қаңтар

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.