{metadescription}
Полицейлер көшеде қан-жоса пышағымен аласұрған жігітті әрең ұстады – Щучье 
Полицейлер көшеде қан-жоса пышағымен аласұрған жігітті әрең ұстады – Щучье 

Полицейлер көшеде қан-жоса пышағымен аласұрған жігітті әрең ұстады – Щучье 

Ақмола облысының Щучье қаласында тапа-тал түсте қолына пышақ алып, көшеде жүгіріп жүрген жігіт жұрттың зәресін ұшырды. Оны ұстамақ болған полицейлердің ағаш бұтағын қолдануына тура келді.

- Пышағы бар! Қанға малынған пышақ! Құдайым сақтасын! Сұмдықай!

Полицияға 83 жастағы әжей көмек сұрап хабарласқан. Ол 26 жастағы немересінің есікті тарс жауып алып, айғайға басып жатқанын айтқан. Кешікпей тәртіп сақшыларының келгенін көрген ол терезені сындырып, сыртқа ұмтылады. Қолында пышағы бар адамды көшеде полицейлердің қуып келе жатқанын көріп жұрт шошып кеткен. Қолындағы суық қаруын жалаңдатып бой бермеген жігітті тәртіп сақшылары ағаштың бұтағымен ұрып жығып қолға түсірді.

Гүлнар Пинчук, Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Терезеден секіріп қаша жөнелген азаматты полиция кешікпей ұстады. 1993 жылы туған жігіт медициналық мекемеге жеткізілгеннен кейін, оның ақыл есінде ауытқуы бар екені анықталған. Бұған дейін есепте тұрыпты. Қазір ол ем-дом алуға арнайы мекемеге жатқызылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 қаңтар

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.