{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев: Семейді тарихи орталық ретінде белгілеген жөн
Қасым-Жомарт Тоқаев: Семейді тарихи орталық ретінде белгілеген жөн

Қасым-Жомарт Тоқаев: Семейді тарихи орталық ретінде белгілеген жөн

Семейге тарихи орталық мәртебесі беріледі. Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев көне қаланы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытып, ондағы тарихи-мәдени нысандар жаңа талапқа сай болуы үшін кешенді жоспар құруды үкіметке тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 

- Семей өңірі – қазақ тарихындағы киелі өлкенің бірі. Сондықтан елдің рухани дамуында ерекше орны бар Семей қаласын тарихи орталық ретінде белгілеген жөн. Ұлы Абай мен Шәкәрімнің, Мұхтар Әуезовтің кіндік қаны тамған өңір айрықша құрметке лайық.

«Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында мемлекет басшысы Ұлы Абайдың 175 жылдығына да ерекше тоқталды. Биыл мерейтой шеңберінде халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Осыған орай, ұлы ақынның мекені Жидебайды абаттандырып, Абайдың рухына тағзым етуге келетін жұртқа қолайлы жағдай жасалуы қажет. Сонымен қатар, Жидебайда мұражайға лайықталған «Абай мұрасы» атты жаңа ғимарат салу жоспарлануда. Дегенмен Президент ысырапшылдыққа жол берілмеу керектігін де ескертті.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде