{metadescription}
Өскемен, Семей: Күрелмеген қардан жол апаты көбейді
Өскемен, Семей: Күрелмеген қардан жол апаты көбейді

Өскемен, Семей: Күрелмеген қардан жол апаты көбейді

Шығыс Қазақстан облысында қалың қар жұртты шырғалаңға салуда. Өскемен және Семей қалаларының өзінде ақұлпа уақтылы күрелмей, тұрғындардың жүріп-тұруы қиындаған. Әсіресе Семейдің кейбір ішкі жолдары қыс басталғалы бері дұрыс тазаланбаған. Соның салдарынан көліктер тайғанақтап, жол апаты көбейген. Қар үстіндегі қарбалас.  

Семейдің орталық көшелерінің бірі. Жолы қыс басталғалы бері автогрейдер көрмегенге ұқсайды. Соның салдарынан жауған ақұлпа тапталып көліктің ізімен ойылып қалған. Енді емін-еркін жүйтки алмаған жүргізушілер жергілікті биліктің салғырттығына өкпелі.

Әсет Жұмаділов, Семей қаласының тұрғыны:

- Кедірбүдір пайда болғанан кейін қалада көптеген жол көлік оқиғалары пайда болады. Мұздың ойығы үлкен. Сол себепті, машинаны лақтырып жібереді. Кей кезде шыға алмай, бұрыла алмай, тұрып қаласың.

Оның үстіне ойылып қатып қалған мұздың кесірінен көліктер екі күннің бірінде бұзылатын көрінеді. Жүргізушілердің бұл сөзін машина жөндеушілер де растап отыр. Олардың айтуынша, қыс басталғалы бері темір тұлпарын сүйретіп жететіндердің қатары көбейген.

- Көліктер ағылып жатқан кезде. Мына қиқы-жиқы, кедір-бұдыр жолдар мен қызылсу мұздар көліктің жүрістік бөлігін істен шығарып жатыр.

Қазір Өскеменде де дәл осы жағдай. Шаһардың көшелері күрелгенімен, жол жиегіне қар үйіліп қалған. Жиналған ақұлпаның биіктігі шашамен кі метрге жетеді. Ала жергілікті коммуналшылар күндіз-түні тыным таппай жатқанын айтып ақталуда.

Владимир Землянский, Өскемен қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі баспасөз қызметінің өкілі:

- Бүгінде қар шығару жұмысы күндіз түні жалғасып жатыр. Техникалардың барлығы сақадай-сай. Алдағы уақытта жол жиектерінде үйілген қарды түгел тазалаймыз. Барлық жұмысты бір мезетте атқарып тастау мүмкін емес. Қазірдің өзінде 60 мың текше метр қар шығарылды.

Ал Семей қаласындағы қарды күреп шығару жұмысына жергілікті қазынадан жалпы 200 млн теңге бөлінген. Мамандардың айтуынша, бұл істі атқаруға күніне 45 арнайы техника жіберіледі. Бірақ олар шаһардың 180 көшесін түгелдей тазалауға үлгермей жатқан көрінеді. Коммуналшылар қыс басталғалы 30 мың текше метр ақұлпа шығарылғанын айтады. Бұл Өскеменге қарағанда әлдеқайда аз көрсеткіш.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде