{metadescription}
Оңтүстік Кореяда бала қаққан қазақ жігіті қанша жылға сотталды
Оңтүстік Кореяда бала қаққан қазақ жігіті қанша жылға сотталды

Оңтүстік Кореяда бала қаққан қазақ жігіті қанша жылға сотталды

Оңтүстік Кореяда бала қаққан қазақ жігіті сотталды! 20 жастағы отандасымыз енді алдағы екі жарым жылын сол елдің түрмесінде өткізуі тиіс. Адвокат жеткіншектің өзі жолға жүгіріп шыққанын алға тартып, жеңіл жаза сұраған екен. Алайда зардап шеккен баланың ата-анасы қарсылық танытыпты.

Отандасымызға кешірім беруден бас тартты. Айтуларынша, баланың еміне 60 миллион вон жұмсапты. Ал бұл 50 мың доллардан астам ақша. Одан қалды, отандасымыз бұл елде бір жылдан астам заңсыз жүрген. Оқиға орнынан кетіп қалуы да істі қиындатыпты. Көлік жүргізуге рұқсаты болмаған. Бірақ адвокат бұл үкіммен келіспей отыр. Өйткені жеткіншек жолдың рұқсат етілмеген жерімен жүгіріп өткен. Ал оны қаққан жігіт балаға көмек көрсетіліп жатқанына көз жеткізгеннен кейін ғана оқиға орнынан кетті дейді. Қандасымыздың өз еркімен Сеулге оралуы да іске көмектесуі тиіс.  

Айбек Смадияров, СІМ ресми өкілі:

- Жеті күннің ішінде ол өзінің шешімі бойынша апелляцияға беруге құқылы. Адвокаты ол құқықты орындады. Енді екінші соттың шешімін күтеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде