{metadescription}
Түркістан облысы: Бүлдіршіннің қол-аузын байлап, қинаған кім  
Түркістан облысы: Бүлдіршіннің қол-аузын байлап, қинаған кім  

Түркістан облысы: Бүлдіршіннің қол-аузын байлап, қинаған кім  

Түркістан облысында аузы мен қолы байланған баланың видеосы Қазнетті шулатып жатыр. Байлаулы бес жасар ұлдың қиналып жатқанын әкесі түсірген. Оның айтуынша, бүлдіршінді қинаған туған анасы көрінеді.

– Балам, не болды, балам? А, балам? 

Аузы байланған баласына қайта-қайта сұрақ қойып жүрген еркек оны шешуге асықпайды. Туыстарымен бірге келген ол шашылып жатқан үй ішін видеоға түсіріп, жайбарақат жүр. Осы видеоны дәлел ретінде екі күн бұрын полицияға беріп, екі жыл бұрын ажырасып кеткен әйелінің үстінен арыз түсіріпті. Алайда оқиғаны тексеріп жатқан полицейлер анасының видео түсіріліп жатқан кезде үйде болмағанын айтады. Тек туыстары болыпты.

Төрт жыл бірге азаматтық некеде болған екеудің 5 және 3 жастағы ұл мен қызы бар. Ал ажырасқаннан кейінгі дау балаларға әкесінің ұзақ уақыт алимент төлемеуінен басталды деп отыр. Бүлдіршінді байлап тастаған анасы ма, жоқ әлде оған қарсы әдейі істелген нәрсе ме, қазір сол жағы анықталып жатыр.

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- ҚР ҚКтің 140-шы бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша іс қозғалған.Тергеп-тексеру барысында оқиғаның мән-жайы мен кінәлі тарап анықталады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.