Bek Air әуе қызметін шетелдік мамандар тексереді
«Бек Эйрдің» қызметін тексеруге шетелдік мамандар тартылды. Оның қорытындысы көпке ұзамай жарияланып, әуе компаниясының алдағы тағдыры да сол кезде шешілмек.
Автор: Әсем Қабылбек
10.01.2020
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі кезінде аудиттен бас тартқан компанияның ішкі жұмыстарын тексеруге Еуропа азаматтық авиация агенттігі мен Британия азаматтық авиация агенттігінің өкілдерін шақырған.
Қазір «Бек Эйрдың» лицензиясы уақытша тоқтатылған. Ұшуға тыйым компанияның 9 ұшағына да тікелей қатысты. Шектеудің қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Сондықтан «Бек Эйр» рейстеріне алдын ала билет алғандар оны қайтара берсе болады. Осыдан төрт жыл бұрын еліміздің Азаматтық авиация комитеті әуе компанияларына халықаралық стандартқа сай қауіпсіздік сертификатын алуды міндеттеген кезде «Бек эйр» басшылары қарсылық танытып, сотқа берген еді.
Берік Қамалиев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:
- Еліміздің азаматтық авиация әкімшілігі еуропалық мамандардың көмегіне жүгініп отыр. «Бек Эйрдің» жұмысы жаппай тексеріледі. Бұл өзге әуе компанияларына да қатысты. Қазір Қазақстанда «Фоккер100» ұшағын пайдалануға тыйым салынған. «Бек Эйрде» мұндай 9 ұшақ бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!