{metadescription}
Аязда қаланы паналаған түлкі адамдарға бауыр басып кетті – Өскемен
Аязда қаланы паналаған түлкі адамдарға бауыр басып кетті – Өскемен

Аязда қаланы паналаған түлкі адамдарға бауыр басып кетті – Өскемен

Күннің суығына шыдамаған түздің түлкісі қалада жан бағып жүр! Жабайы аң Өскеменнің аулаларының бірін паналаған. Қыстың көзі қырауда үйірінен айырылған түлкіге жаны ашыған тұрғындар оны қолдан тамақтандырды.

Қаланың ішінде түлкі  екі ай бұрын пайда болған. Тұрғындар оның бастапқыда кісіден қорқып, қазып алған ініне тығылып қала бергенін айтады. Ал қазір үйреніп алғаны соншалық, адамдардың әкелген тауық етін әп-сәтте қағып алатын көрінеді. Өскемендіктер де өз кезегінде кішкентай түлкіге бауыр басып қалды. Дегенмен көшедегі иттер талап кете ме деп қорқады. Одан қалды, аяз да күннен күнге күшейіп келеді. Сондықтан түлкіні жануарлар бағына табыстағысы келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде