{metadescription}
ШҚО: Мәжіліс төрағасы алғашқы қадамын Семей топырағынан бастады
ШҚО: Мәжіліс төрағасы алғашқы қадамын Семей топырағынан бастады

ШҚО: Мәжіліс төрағасы алғашқы қадамын Семей топырағынан бастады

Бүгінде Мәжілістің қарауында 60 заң жобасы жатыр. Олардың арасында Экология және денсаулық сақтау жөніндегі кодекстің жаңа нұсқасы да бар. Шығыс өңірдегі тұрғындармен кездескен Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин алғашқы қадамын Семей топырағынан бастады.

Биыл 175 жылдығы тойланатын ұлы Абайдың өскен өңірінде мұражай аралап, тарихи орындармен танысты. Ал Өскеменде Денсаулық сақтау кодексі негізгі тақырыпқа айналды. Мәжіліс төрағасы ондағы соңғы медициналық технологияларды өзі барып көріп, ақ халаттылармен өзекті мәселелерді талқылады. Әсіресе скринингтік тексеру, балаға екпе салу сынды маңызды жайттар сырт қалған жоқ. Сондай-ақ, әлеуметтік саладағы биылғы жаңашылдық, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа үлгіде төленуін де көп балалы аналармен бірге талқылады.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс спикері:

- Шығыс Қазақстан облысында өткен барлық кездесулерде Елбасымыздың және мемлекет басшысының стратегиялық бастамалары тұрғындарға ерекше серпін бергенін көрсетті. Әсіресе – әлеуметтік сала, ұстаздар мәртебесі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде