{metadescription}
Шортанда балықшы күркесінде табылған жігіт неден өлді – Бурабай
Шортанда балықшы күркесінде табылған жігіт неден өлді – Бурабай

Шортанда балықшы күркесінде табылған жігіт неден өлді – Бурабай

Бурабайдың Шортан көлінде балықшы күркесінен 28 жастағы жігіттің өлі денесі табылды. Ол бір күн бұрын кешқұрым досымен демалуға кеткен екен.

Балық аулаумен әуестенетін ұлын  көл басына демалуға шығарып салған әкесі келесі күні ұялы телефонына хабарласа алмаған. Хабар-ошарсыз кеткен жігітті іздеп, баласымен бірге кеткен жігітке қоңырау шалыпты. Ал күркеге іздеп келген досы оның ес-түссіз күйде жатқанын көреді. Балықшыны жедел Бурабай аудандық ауруханасына жеткізгенімен, ол ес жимастан көз жұмған. Құтқарушылардың айтуынша, күркеде шағын баллонмен газ орнатылыпты. Баллон жарылмаған, бірақ газ шығаруы әбден мүмкін дейді олар.

Гүлнар Пинчук,Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Балықшының досы өзінің күркесінде балық аулаған. Балыққа келген әрбір адам жекежеке орналасқан болып шықты. Жігіттің неден қайтыс болғаны қазір белгілі болды. Сот-медицианлық сараптамасы арқылы оның газдан уланғаны анықталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.