{metadescription}
Алматыда көлігімен қасақана адам қаққандар сотында куәгерлер шатаса бастады
Алматыда көлігімен қасақана адам қаққандар сотында куәгерлер шатаса бастады

Алматыда көлігімен қасақана адам қаққандар сотында куәгерлер шатаса бастады

Алматының қақ ортасында көлігімен қасақана адам қаққандар сот алдында жауап беріп жатыр. Айыпталушылар орындығында – ағалы-інілі Жандос және Дінмұхамед Әлекеевтер. Кезекті сот отырысында куәгерлер жұртты шошытқан оқиғаның қалай болғанын баяндап берді. Олардың айтуынша, жанжалға күдіктілермен бірге қыдырып жүрген қыздың көшедегі қаңғыбасқа тамақ алып беруі себеп болған.

Айсұлу Қалиақбарова, куәгер:

- Жандос, Дінмұхамед және басқа да достарымызбен караокеде жиналдық. Шыққан соң, дүкенге бардық. Біздің қыздардың бірі сол жердегі қаңғыбасқа аяушылық танытып, тамақ алып берді. Сосын маңайдағы компьютерлік клубтан бір топ бала шығып, "біздің адамға неге тиісесіңдер?" деп әңгіме бастады. Бәрі осыдан шықты.

Кейін бұлар қаңғыбасқа тиіспегенін түсіндіріп, тыныш тарқасқан көрінеді. Бірақ көп ұзамай, сол жерге қайта оралып, қырғын төбелес басталыпты. Соңында ағалы-інілі Әлекеевтер темір тұлпарларымен үш жігітті қағып кетеді. Көлік астында қалғандардың екеуі басынан жараланса, біреуінің аяқ-қолы сынған. Тәртіп сақшылары 24 жасар Жандос Әлекеевті сол күні ұстаған болатын. Ал оның бауырын құрықтау оңайға соқпады. Дінмұхамед полициядан қала сыртында жасырынып жүрген. Сөйтіп үш аптадан соң қолға түсті. Жүгенсіз жүргізушілер бұзақылық және кісі өлтіруге оқталу баптары бойынша айыпталуда. Бүгін жауап берген куәгерлер ағайындылардың қасақана адам қаққан сәтін «көрмедік» деп отыр. Айта кету керек, куәгерлердің тергеу кезіндегі және соттағы жауаптары сәйкес келмей, шатасып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде