{metadescription}
Атырауда шанамен сырғанауға кеткен екі баланың сүйегі табылды
Атырауда шанамен сырғанауға кеткен екі баланың сүйегі табылды

Атырауда шанамен сырғанауға кеткен екі баланың сүйегі табылды

Атырауда 9 жастағы екі бала суға кетті. Ойын балалары Водников елді мекеніндегі су арналарының бірінде шанамен сырғанап жүрген.

Жоғалған жеткіншектер туралы хабар 11-ші қаңтар күні түскенімен, құтқарушылар ешқандай нәтиже шығара алмады. Сол күні барлық құқық қорғау органдары мен құтқарушылар жоғалғандарды іздеуге жұмылдырылды. Ертесіне мұз бетінде қалған шананың бірі табылып, өзеннен іздеуге кіріскен 10 сүңгуір қос жеткіншектің денесін су түбінен шығарды. Қазір қала маңындағы су айдындарында мұздың қалыңдығы 5-7 сантиметр шамасында ғана. Сондықтан құтқарушылар қауіпсіздік ережелері мен алдын алу шараларын ең алдымен «ата-аналар қолға алуы тиіс» деп отыр.

Асқат Ержанов, Атырау облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Ешкімге мұзға шықпа деген шектеу қоя алмаймыз. Қанша жерден ескерту жасағанымызбен, осындай жағдай болып отыр. Балалар өз бетімен ойнап жүріп ажал құшты. Өкінішке қарай, жыл бастала сала екі аптаның ішінде  үш  жеткіншектен айырылдық. Тағы үш баланы мамандар құтқарып қалды. Осындай келеңсіздіктерді болдырмау үшін ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.