{metadescription}
Таразда комқызметтің жоқтығынан баспанасына  кіре алмаған жұрттың мәселесі шешілді
Таразда комқызметтің жоқтығынан баспанасына  кіре алмаған жұрттың мәселесі шешілді

Таразда комқызметтің жоқтығынан баспанасына кіре алмаған жұрттың мәселесі шешілді

Таразда тұрғындардың талабы орындалды. Мемлекеттік бағдарламамен үй алып, бірнеше айдан бері коммуналдық қызметтің жоқтығынан баспанасына  кіре алмай қиналған жұрттың мәселесі шешілді.

Біздің арнадан өткен сюжеттен кейін шенеуніктер екі күнде 80 пәтерлі екі үйге ыстық су мен суық суды, жарық пен жылуды кіргізіп берді. Мұнда көпқабатты төрт үйге арналған арнайы трансформатор қойылыпты. Ал көгілдір отынның қосылу-қосылмауы тұрғындардың өзіне байланысты. Себебі, адамдар әр ғимараттағы пәтерлердің 80 пайызына қоныстанған жағдайда газ кіргізілмек.  Атқамінерлердің мәліметінше, әзірге баспана құжатын рәсімдегендердің саны саусақпен санарлық.

Еске салсақ, осыдан бірнеше күн бұрын 15-ші ықшамауданнан ипотекаға үй алған тұрғындар ғимараттың «инженерлік желісі атымен жоқ» деп шулаған. Бұл дау өңірдегі шенеунік біткенді тегіс дүрліктірді.

Айта кететін жағдай, бұқараның пәтеріне ертерек көшіп келгендері абзал. Әйтпесе, қала әкімі коммуналдық қызметті қайта өшіреміз дейді. Себебі, адамы жоқ үйдің жылуы мен жарығына әкімдік шығындалады екен.

Айтқазы Қарабалаев, Тараз қаласының әкімі:

- Үйге адам кірмесе, жылуға ақшаны кім төлейді? «Жамбылжылу» ТЭЦке кім төлейді? Қалалық әкімшілік төлемейді ғой. Ертең, амал жоқ, мен жарықты да, газды да өшіруім керек болады. Суын, жылуын. Адам келмесе, мен не істеймін, ақшаны қайдан төлеймін?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде