Алты жыл бойы қарындасын зорлаған жігіт сотталды – Жамбыл облысы
Жамбыл облысында қарындасын алты жыл бойы зорлаған азғынға қатысты сот үкім кесті. Қаскөйдің кінәсі толық дәлелденіп, 15 жылға түрмеге жабылды.
Автор: Руслан Әбдіхалық
14.01.2020
Ләззат Ильясова, судья:
- 2013 жылдан бастап, 2019 жылдың қаңтар айының бірінші он күндігіне дейін зорлық әрекетін жасап келген. Қыздың айтуынша, үйде ешкім жоқта жасаған. «Айтсаң айта бер, өзің кінәлі боласың» деп қорқытқан. Сондықтан қыз ештеме айтпаған.
Сұмдық жағдай әлі де жалғаса беруі мүмкін еді. 13 жастағы қыздың аяғы ауыр екенін анасы байқаған. Сөйтіп дау туындайды. Ал жүкті оқушы сәбидің әкесі «өзінің ағасы» деп көрсеткен. Ағасы – үйдің кішкентайынан асырап алған баласы. Отағасы бірініші әйелі дүние салған соң екінші рет бас қосып, одан төрт қыз сүйген. Солардың біреуімен асыранды ұлы жыныстық қатынасқа түсіпті. Ал аяғы ауырлаған 7-ші сынып оқушысының денсаулығы ескеріліп, шақалаққа 21 апталығында түсік жасалған. Шарананың биолигиялық әкесі 22 жастағы сотталушы екені сараптамамен дәлелденді.
Айта кетейік, айтуға ауыз бармайтын жағдай Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс аулында болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!