Емханаға тіркелмеген азамат МӘМСЖ пайдалана алмайды
Елордада мың адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін пайдалана алмайды. Себебі, олар Нұр-Сұлтандағы ешбір емханаға тіркелмепті. Дәрігерлер аталмыш мың адамды тіркеу үшін олардың үйін жағалап жүр. Бірінші сәуірге дейін олар медициналық сақтандыру аясында өз мәртебесін анықтап алуы шарт.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
14.01.2020
Сәуле Қисықова, Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қолданбағандар 1 сәуірге дейін мәртебесін анықтаулары керек. Яғни, өзін сақтандырып немесе жеңілдігі бар тұлғалар қатарына тіркелу қажет. 2020 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша елордадағы емханаларға бір миллион 162 мың 878 адам тіркелген.
Мемлекет 15 санаттағы жеңілдігі бар тұлғаларға тегін медициналық көмек ұсынады. Оған қазынадан арнайы жарна төлейді. Ал жалдамалы жұмысшылар, кәсіпкерлер, өз-өзін жұмыспен қамтып отырғандар ай сайын өздеріне жарна төлеп отыруы тиіс – ең төменгі жалақының бес пайызы, яғни 2125 теңге. Медициналық тұрғыда сақтандырылмаған азаматтар әрі-бері шабылмасы үшін жарнасын қабылдайтын терминалдар да іске қосылған. ПОС-терминалдар бүгінде бас шаһардағы 22 емдеу мекемесіне орнатылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!