{metadescription}
Азық-түлік бағасы көтеріле бастады. Баға неге тоқтаусыз өседі?
Азық-түлік бағасы көтеріле бастады. Баға неге тоқтаусыз өседі?

Азық-түлік бағасы көтеріле бастады. Баға неге тоқтаусыз өседі?

Жыл басталмай жатып азық-түлік бағасы көтеріле бастады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша сүт өнімдері 7 пайызға өссе, биыл алғашқы бір аптада әлеуметтік маңызды азық-түлік түрлері де түгел қымбаттапты. Баға неге тоқтаусыз өседі? Себебі, нарық бағамын тұрақтандыруға жауапты әкімдіктерді былай қойғанда, бүтін министрлік бар. Бұл сұрақтың жауабын тілшіміз іздеп көрді.

Жыл басталысымен, алғашқы болып айтылатын жаңалықтардың бірі – азық-түліктің қымбаттауы. Жыл сайын қайталанатын дағды. Былтыр да жылдың бірінші аптасында әлеуметтік маңызды азық-түліктің бағасы 0,2 пайызға көтерілген. Бұл жолы бір ғана өзгеріс бар – ол кезде бағасы тым шарықтаған тауық еті болса, бұл жолы қарақұмық пен жұмыртқа.

Тәуелсіз сарапшылардың есебінше, бір аптаның ішінде ел ең көп тұтынатын ішіп-жемнің барлығы да аз-аздан баға қосып үлгерген. Ал өткен жылдың қорытындысы бойынша сүт өнімдері 7 пайызға дейін өскен. Алайда сарапшылардың бұл дерегі Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдеріне төбеден жай түскендей әсер берді. Себебі, сүт өндіру көлемі соңғы жылдары әлдеқайда артты дейді шенеуніктер. 

Ермек Әбуов, ҚР АШМ департаментінің басқарма басшысы:

- Соңғы бес жылды алатын болсақ, агроқұрылымдарда 900 мыңнан 1,5 млн тоннаға дейін жеткізіп отырмыз. Бес  жыл бұрын импорттың көлемі 900 мыңның үстінде болатын болса, 2018 жылдың көрсеткіші бойынша бұл көрсеткіш 450 мыңға дейін төмен түсті.

Министрлік өкілі осылай десе, нарықтың ортасында жүрген қарапайым сатушылар сүттен тапшылық көріп жүргенін айтады. Әсіресе, қыс басталған шақта.

Ольга Шабарова, сатушы:

- Сүт өнімдері бізде қыс басталған шақта бірден қымбаттайды. Себебі, сүт азайып кетеді. Сүзбе, май да азаяды. Қазір бүкіл жерде май таусылып жатыр. Сүзбені күнара әкеп тұр. Ал май өндіруші зауыттағылар шикізат жоқ деп ашығын айтты.

Бағаның өсіп жатқанын байқаған бас қала ғана емес. Тамақ атаулының қалтаға ауырлық сала бастағаны Семей дүкендерінде де сезіле бастаған.

 

- Баға көтеріліп жатыр. Оған не сбеп? Міне, жұмыртқа қымбаттаған.  

- Қант 190 теңге тұратын еді, 200 болды. Қант, нан, май – жұрт ең көп алатын азық.  Бәрінің бағасы өсті.

 Ал атқарушы билік өкілдері бағаны өсірмеуге «барымызды салып жатырмыз» деп дәйек келтіруге шебер. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі төрт түрлі шара қолданып жатыр екен. Соның бірі 0 тұрақтандыру қоры.

Руслан Ыдырысов, Нұр-Сұлтан қалалық инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бөлім басшысы: 

- Ресми статистика бойынша, қарақұмық бағасы нарықта 300 теңгедей. Ал біздің тұрақтандыру қорымызда ол 190 теңгеден сатылады. Күріштің бағасын да солай ұстап отырмыз. Жалпы, қазір тұрақтандыру қорымызда 7 мың тоннадай азықтүлік бар. Бәрінің бағасы нарықтан анағұрлым төмен. 

Алайда қала дүкендерінде қарақұмық әкімдік өкілі айтқандай 300 емес, 350 теңгеден сатылып жатыр. Сайып келгенде билік өкілдері бағаның өсіп жатқанын мойындағысы келмесе де, дүкендердегі сауда нарықтың шын бейнесін көрсетіп отыр. «Нарық неге қымбаттайды?»  дегенге келгенде, алыпсатарлар мен делдалдарға сілтеуден басқа шарасы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.