{metadescription}
Енді қалаған уақытта валюта айырбастай алмайсыз
Енді қалаған уақытта валюта айырбастай алмайсыз

Енді қалаған уақытта валюта айырбастай алмайсыз

Ақпаннан бастап еліміздегі ақша айырбастау бөлімшелерінің жұмыс кестесі өзгереді. Демек енді қалаған уақытыңызда валюта алмастыра алмайсыз.

Ұлттық банктің талабы бойынша, келесі айдан бастап ақша айырбастау бөлімшелері таңғы сағат 9-дан кешкі 20:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Тек әуежай мен темір жол вокзалындағы бөлімшелер тәулік бойы қызмет көрсете бермек.

Жаңа ережеге сай, валюта айырбастауға келген кез келген адамның аты-жөні де тіркеуге алынып отырады. Ұлттық банк ақша алмастыру орталықтырының жарғылық капиталын да өсірді. Енді ірі қалаларда айырбас бөлімшелерін ашуға 100 миллион, ауыл-аймақ пен аудандарда ашуға 50 миллион теңге жарнаңыз болуы тиіс. Алайда бұл ережеге кәсіпкерлер қарсылық білдіруде. Өйткені мұндай қомақты қаржы екінің бірінде жоқ. Сондықтан елімізде 700-ден астам айырбас бөлімшесі болса, соның жартысына жуығы жабылып қалуы мүмкін дейді ақша айырбастаушылар қауымдастығының президенті.

Аршын Ғалымбаев, Қазақстан ақша айырбастаушылар қауымдастығының президенті :

- Облыс пен аудандардағы шағын ақша айырбастау бөлімшелері жабылып қалуы мүмкін. Өйткені жарғылық капитал көлемі өте үлкен. Бұл түптеп келгенде халыққа кесірін тигізеді. Өйткені кей өңірлерде бір ғана айырбас бөлімшелері бар. Менің есебімше, ақша айырбастау бөлімшелерінің 3050 пайызы өз жұмысын тоқтататын шығар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.