{metadescription}
Павлодарда тепловоз  ер адамды қас-қағым сәтте жаншып өтті
Павлодарда тепловоз  ер адамды қас-қағым сәтте жаншып өтті

Павлодарда тепловоз ер адамды қас-қағым сәтте жаншып өтті

Тепловоз таптап өтіп, тіл тартпай кеткен. Павлодарда белгісіз ер адам тепловоздың астына түсіп қаза тапты.

Сұрыптау станциясы орналасқан шойын жол бойындағы қайғылы оқиға таңғы сағат сегіз шамасында болған. Марқұмның денесін шығарып алуға құтқарушылардың салмағы 100 тоннадан асатын тепловозды көтеруіне тура келіпті. Оқиға куәгерлерінің айтуынша,  азамат темір жолда тұрған тауар таситын вагондардың астынан кесіп өтуге талпынған. Сол сәтте пойыз орнынан қозғалып, тепловоз қас-қағым сәтте жаншып өтіпті. Қазір полицейлер марқұмның кім екенін анықтап жатыр.

Мақпал Қаржаубай, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына  жеті минутта жеткен. Құтқарушылар да уақытында келіп, денені алып шықты. Өкініштісі, жедел жәрдем бригадасы оның сол сәтте жан тапсырғанын анықтады. Марқұм туралы ешқандай ақпарат жоқ. Кескінкелбеті еуропалық тектес, жасы 40 жас шамасындағы азамат.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.