Нұрсұлтан Назарбаев: Үкіметті құруда Парламент шешуші рөл атқаруы тиіс
Парламент үкіметті құруда шешуші рөл атқаруы тиіс. Бүгін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс төрағасымен осындай мәселені талқылады.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
15.01.2020
Кездесуде Елбасы Нұрлан Нығматулиннен былтыр күзде өткен кеңесте Nur Otan партиясына берілген тапсырмалардың атқарылуын сұрады. «Партия мүшелері бұқараның өтініш-тілегін екі етпеуі керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы экономикалық өсуге және халықтың әл-ауқатын көтеру үшін атқарушы билік пен заң шығарушы органның жұмысын қамтамасыз ету қажеттігін тілге тиек етті. Әсіресе, Парламенттің рөлі зор.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті:
- Қазір елдің жағдайын ойлау туралы көп айтылып жатыр. Бұл өте дұрыс. Партияның да, барлық деңгейдегі депутаттардың да шаруасы осы. Мемлекет алдында экономикаға жаңа серпіліс беретін бағдарлама құрастыру міндеті тұр. Парламент пен партия осыны бірлесе ойластыру керек. Үкіметті жасақтауда Парламенттің маңызы ескеріліп, бірге заң қабылдап, ел алдында жауап беруі керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!