Шымкентте екі жұмысшының өліміне әкелген апатқа кінәлілер анықталды
Шымкентте екі жұмысшының өліміне әкелген апатқа жұмыс беруші кінәлі деп танылды. Қараша айында құрылыс кезінде үш адам 25 метр тереңдікте тірідей көміліп, екеуі сол жерде қаза тапқан. Істі екі ай зерделеген еңбек инспекторлары 100 пайыз кінә – құрылыс жобасын сақтамаған жұмыс берушіде деген тоқтамға келді.
Автор: Бек Әбиев
15.01.2020
Ғалымжан Шарипов, Мемлекеттік еңбек инспекторы:
- Құрылысты бақылау басқармасының қортындысына сәйкес, олар қазандықтың жобасын жобамен қазбастан, сатылық баспалдақ болып қазу керек еді, соны сақтамай, қабырғасы құлаған.
25 метрлік шұңқырдың қабырғасы жоспарға сай баспалдақ емес, тік қазылып, соның салдарынан опырылып түскен. Құтқарушылар бес сағат дегенде 50 және 54 жастағы жұмысшыларды әзер алып шықты. Марқұмдардың отбасының біріне 8, ал екіншісіне 9 миллион теңге қаржылай көмек беріліпті. Ауыр жарақат алған 26 жастағы каток жүргізушісі әлі ем алып жатыр. Ал еңбек инспекциясы тексеру қорытындысын полиция департаментіне жолдады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!