{metadescription}
Ақтауда құлаған краннан жараланған жұмысшы ауруханада көз жұмды
Ақтауда құлаған краннан жараланған жұмысшы ауруханада көз жұмды

Ақтауда құлаған краннан жараланған жұмысшы ауруханада көз жұмды

Ақтауда құлаған кранның кесірінен жараланған жұмысшы қайтыс болды. Ол облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде сегіз сағат бойы есін жимаған. Бұл оқиға 19-шы ықшамаудандағы құрылыс алаңында болды.

Көпқабатты үй салып жатқан кранның мұнарасы қақ айрылып құлайды. Машинаны тізгіндеп отырған 24 жастағы жүргізушінің сүйегі сынып, басы жарылған. Дереу жансақтау бөліміне жеткізгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмапты. Қазір құрылыс  алаңындағы барлық жұмыс тоқтатылған. Тәртіп сақшылары еңбек қауіпсіздігін бұзу бабы бойынша іс қозғады.

Нұрбол Оқуов, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Жас жігіттің өмірі үшін дәрігерлер барын салып күресті. Өкірініштісі, араға сегіз сағат салып, яғни түнгі он екі шамасында жас жігіт көз жұмды. Оның алған дене жарақаты адам өміріне қауіпті болған, аман алып қалуға мүмкін болмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде