Қалыңдығын буындырып өлтірген жігітке сот үкімі шықты
Ақтөбеде қалыңдығын буындырып өлтірген жігіт енді 10 жылын түрмеде өткізеді. 23 жастағы Бақыт Орынбасаровқа сот бүгін осындай жаза кесті.
Автор: Жаңалық Ахаш
16.01.2020
Үкімді тыңдауға марқұмның туыстарының барлығы жиналды. Олар "күйеу баламыз болады" деген жігіттің қандықол қылмыскерге айналғанына күйініп отыр. Оған ешқашан кешірім бермейтінін айтады. Сондықтан жарыссөз кезінде сотталушы жалынса да, жалғыз қызынан айрылған ата-ана судьядан қатаң жаза тағайындауды сұрады.
Айта кетсек, биыл ғана жоғары оқу орнын тәмәмдаған Әсем Эльбрусова сотталушымен бір жарым жыл бойы кездескен. Жақында құда түсіп үйленуді жоспарлапты. Ал осыдан бес ай бұрын қос ғашық жалдамалы пәтердегі кездесу кезінде сөзге келіп қалған. Ашуға булыққан Бақыт Орынбасаров қызды өз қолымен буындырып өлтірген. Осы қылмысы үшін он жылын түрмеде өткізуі тиіс. Бірақ мұны марқұмның жақындары азсынып отыр. Енді облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірмекші.
Анасы:
- Қарғыс атсын! Мен тоқтамаймын. Бұл саған аз. Қызымды ешкім қайтара алмайды. Қайда барамыз? Кімнен сұраймыз? Жалғыз қызымды өлтіріп, он жыл ғана алып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!