{metadescription}
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі олқылықтар
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі олқылықтар

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі олқылықтар

Елімізде күшіне енген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде олқылық көп. Емхана табалдырығын аттаған азаматтар осылай наразылық білдіріп жатыр. Олардың айтуынша, бұған дейін медициналық сақтандыруға жарна төлеп келгендер ақылы тексеруден өтуге мәжбүр. Ал науқасқа жөн сілтейтін кейбір дәрігерлердің өзі жаңа жүйеден толыққанды хабарсыз.

Расима Темірбаева міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудан тауы шағылған жанның бірі. Жақында емханаға барып, талай кедеріге тап болыпты. Тіпті тексерілуден өтуге ақы төлегенін айтады. Енді осыған дейін медициналық сақтандыру жарнасын үзбей төлеген Расима «жиған-тергенім текке кетті ме» деп қынжылады.   

Расима Темірбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

- Эндокринологқа барғанмын. Ол маған міндетті әлеуметтік сақтандыру сәуір айының 1-нен бастап жұмыс істейді, әзірге көпбалалы аналар, аяғы ауыр әйелдер мен зейнеткерлер ғана деді. Сонда біз екі жыл бойы не үшін төледік? Өткен жылы қызметкерлерімізге төлем жасадым. Не себепті қайтадан төлеуім керек?

Жұрт емханалардан толыққанды ақпарат алмай жатқанына да наразы. Ал мамандар жаңа жылдан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы сұрақ қоятындардың қатары күрт көбейгенін жасырмайды. Бірақ  әрбір қазақстандық әзірге кез келген дәрігерлік көмектен қағылған жоқ дейді олар.  

Гүлсара Сүлейменова, №17 қалалық емхананың интеграциялық қызмет жетекшісі:

- Сәуірдің 1-не дейін барлық адам шартты түрде сақтандырылған. Олар осы уақытқа дейін тегін медициналық кепілдендірілген көлем және міндетті медициналық сақтандыру бойынша ем қабылдай алады.

Жедел жәрдем мен санитарлық авиация, алғашқы медициналық және стационарлық көмек баршаға әрқашан тегін болмақ. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жүгінгендерге көрсетілетін медициналық қызметтің сан түрі көп. Бірақ сәуірдің 1-нен кейін соқыр тиын  жарна төлемегендер сан соғып қалмақ. Сондай-ақ, дәрігерлер емхана табалдырығын аттаған науқастың сақтандыруы болса да, кейбір жағдайда кезек күтуге тура келетінін айтады.

Гүлсара Сүлейменова, №17 қалалық емхананың интеграциялық қызмет жетекшісі:

- Келген адамға тексерілуден өтетін уақытты көрсетеміз. Егер шұғыл жағдайда жеткен болса, сол күні бар қиындықты еңсеруге тырысамыз. Ал жағдайы соншалықты ауыр болмаса, кезекке тұрғызып, қашан келіп тексерілетінін  айтамыз.

Десе де мамандар кейбір медициналық қызмет түрлері «белгілі тәртіппен реттеледі» дейді. Мәселен, сақтандыруы бар тісі ауырғанның бәрі бірдей тіс дәрігерінің көмегіне жүгіне алмайды. Ал көңілге медет тұтаныны 15 санатқа бөлінген азаматтар тізімі әрдайым мемлекет есебінен сақтандырылады. Олардың арасында балалар, аяғы ауыр әйелдер, зейнеткерлер мен жарымжан жандар бар.

  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде