Абайдың 175 жылдығы: Шығармалар жинағы 10 тілге аударылып, үш деректі фильм түсіріледі
Абайдың 175 жылдығына үш миллиард теңге жұмсалады. Бұл қомақты қаражатқа республикалық, халықаралық деңгейдегі ғылыми конференциялар, поэтикалық және әдеби байқаулар ұйымдастыру көзделген.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
16.01.2020
Абай шығармаларының жинағы әлемнің 10 тіліне аударылып, үш деректі фильм түсіріледі. Ұлы ақынның туған өлкесіндегі музейін жаңғырту да жоспарға еніп отыр. Барлығы 80-нен астам ірі іс-шара өтеді. Ал мектеп оқушыларына «Абай жеріне саяхат» атты экскурсиялық саяхат өткізу қарастырылған. Ұлы тұлғаның мерейтойы ресми түрде 21-ші қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында басталады.
Нұрғиса Дәуешов, ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары:
- Қалдырған мұрасын шетелдерде насихаттау мақсатында «Абай» операсын Қытай, Түркия, Ресей мемлекеттерінде Абай атындағы Опера және балет театры гастрольдік сапарын арнайтын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!