«Бек Эйр» билет сататын операторларды қан қақсатты
Уақытша лицензиясынан айырылған «Бек Эйр» әуе компаниясы ұшақ билетін сататын операторларды да қан қақсатып отыр. Өйткені ішкі рейстерге сатылып кеткен билет ақшасын әуе компаниясы қайтармай жатқан көрінеді.
16.01.2020
Мәселен, бір ғана «Отырар трэвел» турагенттігіне «Бек Эйр» 40 миллион теңге қарыз. Аталған әуе компаниясының рейстеріне билет сатқан серіктестік осы уақытқа дейін өз қаржысынан біраз жолаушының ақшасын қайтарып беріпті. Енді «Бек Эйрден» өз ақшасын ала алмай отыр.
Елімізде әуе билетін сататын жүздеген компания барын ескерсек, ұшағы апатқа ұшыраған компанияның қарызы жарты миллиард теңгеден көп болуы мүмкін. Алайда «Бек Эйр» басшылары қарапайым жолаушыларды қойып, ірі турагенттік өкілдерімен де байланысқа шығуды қойған. Сондықтан екі оттың ортасында қалған әуе кассалары бірлесіп құзырлы органдарға арыз жазып жатыр.
Ирина Бунакова, «Otrar Trevel» турагенттігінің басқарушы директоры:
- «Бек Эйр» компаниясы қаңтардың басында барлық турагенттіктерге кепілхат жолдап, жолаушыларға билет құнын «төлей беріңіздер» деді. Біз соған сеніп, талай адамның ақшасын қайтардық. Бірақ қаңтардың бесінен бастап билет құнын өтеуді тоқтаттық. Өйткені бізде ақша жоқ. Өз қаржымыздан 13 миллион теңгені жолаушыларға қайтарғанбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!