{metadescription}
Армения, Ресей нөмірлі жүргізушілер кедендік рәсімдеуді жеңілдетуді талап етті
Армения, Ресей нөмірлі жүргізушілер кедендік рәсімдеуді жеңілдетуді талап етті

Армения, Ресей нөмірлі жүргізушілер кедендік рәсімдеуді жеңілдетуді талап етті

Ақтөбеде шетелден көлік әкелген жүргізушілер наразылық білдірді. Оның ішінде Армения мен Ресей нөмірін таққан темір тұлпары бар азаматтар кедендік рәсімдеуді жеңілдетуді талап етіп отыр. Дәл қазір аймақта өзге елден қанша көлік жеткізілгенін тәртіп сақшыларының өзі білмейді. Әйтсе де, наразылық білдіруге жүзден аса жүргізуші жиналды. Олар көліктерін де қаланың қақ ортасындағы тұраққа қойып тастады.

Шетелдік нөмірі бар көліктерге қатысты жоспарланған өзгеріс ақтөбелік жүргізушілерді де әбігерге салды. Бүгін қаланың орталығындағы автотұраққа 100-ден аса адам жиналды. Осы маңға армениялық нөмірі бар көліктерін де тоғытып қойған.

Жиналған жүз қаралы жүргізушінің талабы – сырттан сатып алған көліктерін рәсімдеуге жеңілдік сұрайды. "Үкімет шетелден көлік кіргізбес бұрын тыйым салса, бұлай даурықпас едік" деп ашынады.

Нұрсұлтан Өтегенов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Армяндық көліктің бәрін мемлекеттік тіркеуге қойса. Осыны жеңілдететін түрі болса. Қазір миллион екі жүздің үстінде утилизациялық  жинау дейді. Миллион екі жүз мың. Не сұмдық?!

Саламат Данабеков, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Армениядан, басқа кедендік одақтан кірген көліктерге жеңілдік жасап, тіркеп берсе, Қазақстанда салық төлейміз ғой.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі елімізде Армения мен Қырғызстаннан әкелінген көліктердің жүруіне тыйым салынатынын хабарлаған болатын. Оларға кедендік рәсімдеуден өткізуді міндеттемекші. "Бірақ оның құны көлікті сатып алған бағадан қымбат шығады" - деп налиды жүргізушілер. Ал наразы жұртпен кездесуге келген аймақтағы полиция департаментіндегілер тыйымға қатысты "түк білмейміз" деп отыр.

 

Қанат Әлиев, Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары:

- Бізге нұсқама, тағы бірдеңе тапсырма, әлі ештеңе келген жоқ. Бүгін болмайды. Оны бүгін-ертең істейін деп жатырқан жоқ, ондай жағдай емес ол.

Тәртіп сақшылары Ақтөбеде шетелден әкелінген қанша көліктің барын да білмейді. Егер тыйым салынса, осы жағдайды "реттер едік" деп отыр. Бірақ қос тарапқа да тиімді шешім қабылданға дейін әлі біраз уақыт керек сияқты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.