{metadescription}
Астана ЛРТ басшылығының коммуналдық қызметке өкпесі қара қазандай
Астана ЛРТ басшылығының коммуналдық қызметке өкпесі қара қазандай

Астана ЛРТ басшылығының коммуналдық қызметке өкпесі қара қазандай

Алып тастауын талап етеміз! «Астана ЛРТ» құрылысының аумағына қар атқылап жатқан көрініс компания басшылығына ерсі көрініпті. «Ондай әрекетін алдын ала ескертсе қайтеді» деген компания басшылығының коммуналдық қызметке өкпесі қара қазандай.

Өткен аптаның соңында қаланы басып салған бұрқасыннан соң елорданың бүкіл қар тазалау техникасы іске құлшына кіріскен. Алайда оғаш көрініс жұртқа жақпай қалыпты. Техника тазалаған қарын құрылыс қоршауының ішіне атқылап жатыр. «Астана тазалық» серіктестігінің айтуынша, сол жерде көлік қозғалысына кедергі келтірмес үшін осындай шешім қабылданған. Жалпы, биыл қала аумағында 1670 техника жұмыс істеп жатыр. Ал қала төңірегіндегі қар төгетін  алты аумақтың екеуі толып қалған. Дегенмен ерсі көрініс жауапсыз қалмайтын болды.

Айтқазы Арықбаев, «Astana LRT» ЖШС басқарушы директоры:   

- Бұл дұрыс емес. Егер үлгере алмай жатырмыз, еріп кеткенге дейін уақытша ғана жатады десе, түсінер едік. Енді оны олар алып тастауы керек. Алып тастамаса, айтамыз, талап етеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде