{metadescription}
Ақтөбеде тұрмыстық қатты қалдық өңдейтін кешенді салудан инвесторлар бас тартты
Ақтөбеде тұрмыстық қатты қалдық өңдейтін кешенді салудан инвесторлар бас тартты

Ақтөбеде тұрмыстық қатты қалдық өңдейтін кешенді салудан инвесторлар бас тартты

Инвесторлар Ақтөбеде тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін кешенді салудан бас тартты. Олар құны 33 миллиард теңге тұратын  жобаға ақша таба алмаған. Жартысын қытайлар көтеруге келіскенімен, қалған жартысын өкіметтің мойнына іліп қойғысы келген екен. Ақыры қос тарап келісімге келмей, қоқысты бұрынғысынша полигонға жинай беруді жөн деп шешіпті. Бірақ Ақтөбенің науқаншыл шенеуніктері әлдебір инвестрор келеді деп үмітін әлі үзбей отыр.

Ақтөбенің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясындағылар Creative Energy компаниясы қаладағы қоқысты «жоқ қыламыз» деп ұсыныс білдіргенде. Бөркін аспанға атқан. Құны 33 миллиард теңге тұратын кешен салуға қатысты меморандумға да қол қойысты. Алғашқыда қытай инвесторларын тартып, «бәрін қатырамыз» дегенмен, кейін үнсіз қалыпты.

Азамат Құдайбергенов, Ақтөбе облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

-Өйткені бір жыл өтті. Бір жыл бойы  түк келісім-шарт шыққан жоқ әлі. Әзірге жоба жүзеге асырылмай жатыр.

Creative Energy компаниясы қоқыс өңдейтін кешен салуға кететін шығынның 60 пайызын – қытайлар, 40 пайызын мемлекет өзі көтерсін деп отыр. Бірақ өкіметтің оған берер ақшасы жоқ. Сондықтан енді Ақтөбенің қоқысы бұрынғысынша полигонда үйіліп тұра береді.

Ақтөбе шетіндегі полигонға жылына 200 мың тонна қоқыс жеткізіледі. Оның тек небары 1-2 пайызы өңделеді екен. Оның көбі пластик бөтелкелер мен қағаз қалдықтары.

Полигон басында қалдықтарды сұрыптайтын шағын өндіріс бар. Бірақ ондағылар пайдасынан шығыны көп екенін айтады. Қағаз қалдықтарын өткізетін орын таба алмай отырғанда, қоқыстан энергия өндіру әзірге «құр арман» дейді олар.

Владимир Проскурин, «NEO PLUS»  ЖШС құрылтайшысы:

-Өкінішке қарай, қоқыстан сұрыпталған шикізатты өткізетін орын жоқ. Әсіресе картон қағаздарын қайда тапсырарымызды білмей отырмыз. Болған күннің өзінде тасымалы мен қабылдау құны тым арзан. Бұдан түк табыс жоқ.

Ал сүйіншілеп хабар таратып қойған Ақтөбенің науқаншыл шенеуніктері  инвесторлардан үміт үзгісі жоқ. Қоқыс өңдейтін қалталы кәсіпкерлердің бірі болмаса, екінші табылар деп жайбарақат отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде