{metadescription}
Дариға Назарбаева: Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы мембағдарламаларға мониторинг жүргізу керек

Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға мониторинг жүргізу керек. Сенат спикері Дариға Назарбаева Сенат бюросының отырысында осындай мәселе көтерді. Себебі, соның қорытындысы бойынша Үкіметке нақты ұсыныстар беріледі.

Отырыста сенаторлар қаңтар айының басындағы аймақтарға сапарларының қорытындысын айтты. Палата төрағасының орынбасары Бектас Бекназаровтың айтуынша, депутаттар еліміздің ең шалғай ауылдарында 500-ге тарта кездесу өткізген. Сол арқылы аймақтардағы тұрғындар Парламент қабылдаған заңдар туралы егжей-тегжейлі хабардар болған.

Дариға Назарбаева көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақыны беру, атаулы әлеуметтік көмектің қолданыстағы жүйесін өзгерту сынды өзекті мәселелерге тоқталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде