{metadescription}
Армениялық көлігі бар атыраулықтар кедендік рәсімдеуде алым-салықты тоқтатуды талап етті
Армениялық көлігі бар атыраулықтар кедендік рәсімдеуде алым-салықты тоқтатуды талап етті

Армениялық көлігі бар атыраулықтар кедендік рәсімдеуде алым-салықты тоқтатуды талап етті

Нөмірі армениялық көліктерді тізгіндеген атыраулықтар да наразылық акциясын өткізді. Өйткені мұнда өңірдегі әр үшінші көлік шекара асып келген. Қала сыртындағы базар маңына жиналған 200-ден астам автокөлік иесі арыз-шағымын полицейлерге жеткізді. Көпшілік кедендік рәсімдеуге кететін алым-салықтарды тоқтатуды талап етіп отыр. Айқай-шуға айналған жиында тілшіміз болды.

Армениядан көлік тасымалдауға бірден тыйым салмай, артынан «заңсыз» дегенге тұрғындардың өкпесі қара қазандай. «Адал ақшамызға көлік алдық» деген олар, енді кедендік рәсімдеуге қаржы таппай жүр екен.

Аман Сүлейменов, автокөлік иесі:

-Мен 9 баланың әкесімін. Мысалы, көлікті екі миллион теңгеге алдым. Біздің наразылығымыз – кедендік рәсімдеудегі салықтың бәріне амнистия жасасын. Қазір кімнің қалтасы көтереді? Мысалға, 1,5 млн-ға жасатсам, оған қалтам көтермейді.

Ерлан Тілешев, автокөлік иесі:

-Өз еңбегімізбен,маңдай терімізбен әкелген көлігіміз, соны өз меншігімізге айналдырып беруін тілеп отырмыз. Бізге осының жауабын  бермейінше, тоқтау жасай алмаймыз. Тынышталмаймыз, былайша айтқанда. Соңына дейін барамыз, қандай жағдай болсын!

Наразы топтың талабын тыңдауға бұл жолы әкім де, мәслихат депутаттары да, тіпті митинг сайын жүретін прокурорлар да келген жоқ. Ал ішкі саясат басқармасы басшысының айтқан сөзін жиналғандар місе тұтпады.  

-Мақсаттарың жеткізу ғой. Біз оны қабылдадық. Сенің қолыңнан ештеңе келмейді, бауырым, сен босқа келіп тұрсың. Қолыңнан түк келмейді, саған айтқан не, далаға айтқан неғ бәрібір.

Жағдайдың ушығып кетпеуін қадағалап жүрген полицейлер де қарап қалған жоқ. Сол жерде «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастырып, ашынған ағайынның арыз-шағымын қабылдады.

Мырзалы Өтеғалиев, Атырау облыстық ПД ӘПБ бастығының орынбасары:

-Енді біз осы ұсыныстарды әрі қарай ІІМ-не жолдаймыз.  «Жолда қабылдау» акциясына, бізде арнайы таблица бар, қандай өтініш қабылданған, олар не туралы қандай өтінішпен хабарласқаны туралы, сол бойынша  ары қарай есеп беретін боламыз.

Қазір облыста Армениядан әкелінген 10 мыңнан астам автокөлік бар екен. Бүгінгі наразылық акциясына қатысқан тұрғындардың тілегі біреу ғана, олар Үкімет екі жаққа да бірдей тиімді шешім қабылдаса деген үмітте. 

Тағы бір айта кетерлік жайт, күні-бүгінге дейін ешбір мемлекеттік орган көлік тасымалдауға ресми шектеу қойған жоқ. Сондықтан қазірдің өзінде темір тұлпарлар Қазақстан аумағына кіріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде