{metadescription}
Азаматтық авиация комитеті Bek Air компаниясының кемшіліктерін тізіп шықты
Азаматтық авиация комитеті Bek Air компаниясының кемшіліктерін тізіп шықты

Азаматтық авиация комитеті Bek Air компаниясының кемшіліктерін тізіп шықты

«Бек Эйр» әуе компаниясының ұшақтарының жағдайы көңіл көншітпейді. Ескі әуе көліктерін жөндейтін қосалқы бөлшек сатып алуға жағдайы жоқ. Осындай кемшіліктерді тізіп шыққан Азаматтық авиация комитеті «Бек Эйрдің» ұшу сертификатын белгісіз мерзімге кері қайтарып алды.

Тексеру есебі «Бек Эйр» бір ұшақтың құрамдас бөліктерін басқа ұшаққа орнату процесін үнемі қолданатындығын көрсетті. Сондай-ақ,  «Бек Эйр» АҚ-ның қаржыландырудың жеткіліксіздігінен немесе ескі ұшақтарға  қосалқы бөлшек  алудың қиындығынан қосалқы бөлшектерді алуға шамасы жетпейтінін көрсетті.

Азаматтық авиация комитеті

Сонымен бірге, ұшу мерзімдері мен циклдарын көрсетіп отыратын белгілерді алып тастаған. Сондай-ақ, барлық ұшақтарға қолданылатын жүк бөліктеріндегі өртке қарсы қорғаныстың, құтқару кеудешелерінің жетіспеушілігі сияқты көптеген басқа да заңбұзушылықтар бар.

Апат болған күні де экипаж ұшуға дайындық барысында, ұшақты толық қарамағаны анықталған. Яғни мұз қатуға қарсы сұйықтықпен өңделмеген. Еліміздің азаматтық авиация басшылығының тізіп шыққан осы және өзге де кемшіліктері енді алты й ішінде жөнделуі тиіс.

Қазір  «Бек Эйр» АҚ қызметін тексеру жалғасып жатыр. Ол аяқталғаннан кейін әуе компаниясы 10 күн ішінде әкімшілікке барлық заңбұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар жоспарын ұсынуы тиіс. Егер заңбұзушылықтар 6 ай ішінде жойылмаса, пайдаланушы сертификаты мен ұшуға жарамдылық сертификаттары кері қайтарылып алынады. Бұл әрекеттер аяқталғанша, сертификаттардың әрекеті белгісіз мерзімге дейін тоқтатылды.

Азаматтық авиация комитеті

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде