Дүлей дауылда төрт адам қаза тапты – Испания
Испанияда теңізден дүлей дауыл соқты. Соның салдарынан төрт адам қаза тапты. Желдің жылдамдығы сағатына 100 километрге дейін жеткен.
Автор: Салтанат Шырынхан
21.01.2020
"Глория" деп ат қойылған дауыл Жерорта теңізі жағалауындағыдарды да әбден әбігерге салды. Ондағы толқынның 5-7 метрге дейін көтеріліпті. Ауа райының қолайсыздығынан жолдар жабылып, Валенсия мен Ганди кемежайларындағы қозғалыс та тоқтатылған. Сол себепті қала билігі тұрғындарға барынша сақ болуды ескертті.
Қалаға бұрын-соңды жаумаған қалың қар да түскен. Бораннан Кантабрия, Астурия, Наварре және Саламанкадағы 30-дан астам ірі жолдарда жүк көліктері мен автобустардың жүруіне уақытша тыйым салынды.Таяқ тастам жер көрінбейтін дауылдан жергілікті Аликанте әуежайы да жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болған. Осының салдарынан шамамен екі мың жолаушы жолынан қалды. Синоптиктердің болжауынша, бұл жағдай ертеңге дейін жалғасады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!