{metadescription}
ДДҰ Қытайда тараған коронавирусқа қатысты шұғыл жиын өткізеді
ДДҰ Қытайда тараған коронавирусқа қатысты шұғыл жиын өткізеді

ДДҰ Қытайда тараған коронавирусқа қатысты шұғыл жиын өткізеді

Қытайда белең алған белгісіз вирусты жұқтырғандар саны артып барады. Соңғы мәлімет бойынша, одан 6 адам көз жұмған. Тағы 200-ден аса науқас ауруханада жатыр. Оның ішінде 51 адамның жағдайы тым ауыр.

Көрші елдің есін шығарған вирусты мамандар әлі де зерттеп жатыр. Сондықтан әзірге оны емдеу әдісі табылмаған. Десе де, ақ халаттылар дерттің таралмауына қолдан келгенін істеуде. Соның өзінде жұмбақ вирус өзге елдерге тарап үлгерген. Мәселен, коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар Оңтүстік Корея, Жапония және Тайландтан да анықталыпты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп отыр. Сондықтан ертең  шұғыл жиын өткізбек.

Айта кетейік, бұл дерт өткен жылдың соңында Ухань қаласынан таралған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде