Шавкат Мирзиеев: Біз Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болмаймыз
Өзбекстан Президенті Еуразиялық экономикалық одаққа кіру мәселесіне қатысты пікір білдірді. Шавкат Мирзиеев өз елінің аталмыш ұйымға мұлдем мүше болмайтынын кесіп айтты.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
21.01.2020
Шавкат Мирзиеев, Өзбекстан Президенті:
-Көптеген отандастырымыз шет елдерде, соның ішінде Қазақстан мен Ресейде жұмыс істеп жатыр. Біз бұған бей-жай қарай алмаймыз. Бір нәрсені біліңіздер. Өзбекстан ешкімге өз тәуелсіздігін беріп қоймайды. Оған жол жоқ. Тәуелсіздік өзбек халқы таңдаған президенттің қолында. Біз бұл одақтың мүшесі болмаймыз.
Десе де, Мирзиеев Еуразиялық экономикалық одақпен байланыс орнату мүмкіндігін жоққа шығармады. Бірақ мүше емес, бақылаушы ретінде. Яғни ұйымның пайдасы мен зиянын қарап отырамыз дейді.
Бұған дейін Өзбекстанның одаққа мүшелікке өтуі туралы болжам бойынша түрлі пікір айтылған болатын. Ал Ресей федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко өткен жылдың қазанында Өзбекстанға барған сапарында бұл елдің ұйымға кіруі туралы шешімнің іс жүзінде қабылданып қойғанын мәлімдеген еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!