{metadescription}
Петропавлда экс-шенеунік әйелімен бірігіп бюджетті тонаған
Петропавлда экс-шенеунік әйелімен бірігіп бюджетті тонаған

Петропавлда экс-шенеунік әйелімен бірігіп бюджетті тонаған

Петропавлда қазынаның 600 миллиондай теңгесін қолды қылды деп  күдікке ілінген экс-шенеуніктің ісі сотта қаралып жатыр. Айыптаушы тараптың мәліметінше, бұрынғы атқамінер әйелімен бірігіп бюджетті тонаған.

Бет-жүзін көрсетуге қарсы болған Әділбек Қалиев тұтқындалғанға дейін қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. Прокуратураның мәліметінше, күдікті жеке су жүйелерін мемлекетке қайтару ісінде құзыретін асыра қолданыпты – тендерді басқа біреудің атына рәсімделген өзінің екі компаниясы арқылы жеңіп отырған. Сөйтіп ақша есепшотқа толық аударылғанымен, іс тек қағаз жүзінде атқарылған. Ал жалған құжатты бұрынғы шенеуніктің жары жасап беріпті. Ерлі-зайыпты тапқан табысын бизнеске жұмсаған.  Дәмхана мен жеке балабақша ашып үлгеріпті. Алаяқтықпен айналысты деген екеудің 3 жастағы және 11 айлық баласы бар. Динара Қалиеваның сәбилі екені ескеріліп, сотқа үйінен келіп-кетіп жүр. Олар өзіне тағылған айыпты мойындай ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз.

Сәуле Тоқышева, СҚО әкімдігі мемлекеттік-құқықтық бөлім меңгерушісі:

- Әділбек Қалиевтің әрекетінен 574 млн. теңгеден астам шығын келтірілген. Қазіргі таңда шыққан шығын қайтарылған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде