{metadescription}
175 жылдық! Шетелдегі елшіліктер жанынан Абай орталықтары ашылатын болды
175 жылдық! Шетелдегі елшіліктер жанынан Абай орталықтары ашылатын болды

175 жылдық! Шетелдегі елшіліктер жанынан Абай орталықтары ашылатын болды

Абай өлеңдері 10 шет тіліне аударылады. Сонымен бірге, Абай туралы деректі фильмдер мен телесериал түсіріледі. Ал шетелдегі елшіліктер жанынан Абай орталықтары ашылмақ. Елордада Абайдың 175 жылдығына арналған кеш өтіп, халықаралық деңгейде тойлауға бастау берілді. Опера және балет театрында өткен салтанатты кештен репортаж.

Абайдың 175 жылдығы республикалық деңгейден асып, халықаралық дәрежеде тойлануы тиіс елеулі оқиға. Осы мақсатпен Мәджениет және спорт министрлігі 500-ден астам шара ұйымдастыру көздеп отыр. Бүгін елордада өткен салтанатты кеш сол үлкен шаралар тізбегінің басы.

Кештің басты көрермендері – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаев.  Абай өлеңдері адамзатқа рухани азық болар құндылық. Ұстаным осы. Сол мақсатпен биыл Абай шығармалары әлем тілдерінде сөйлейді.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Ақынның өлеңдері мен қара сөздері 10 шет тіліне аударылады. Бұл ретте біз аударма ісінің сапалы орындалуына басымдық береміз. Сонымен қатар Абай туралы бірнеше деректі фильм және телесериал түсіру жоспарланып отыр.

Бүгінгі салтанатты шарадан бөлек, ұлы ақынның 175 жылдығына арналған өлеңдер эстафетасы былтыр елімізді қойып, әлем аралап шыққан еді.

Бүгінгі кештің жөні бөлек. Сол үшін де ел мәдениетінің майталмандары: Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Майра Мұхамедқызы және басқалары түгел осында. Олар Абай өлеңдерін оқып, Абай әндерін шырқады.

Тағы бір жаңалық, шетелдердегі елшіліктеріміздің жанынан Абай орталықтары ашылады.

Ұлықбек Есдәулет, ҚР Жазушылар одағының төрағасы:

- Біздің елімізде, мысалы үшін, Конфуций орталығы бар. Біздің елімізде Гете үйлері бар. Ал енді біз Абайдың орталықтарын ашуы арқылы өзіміздің қазағымыздың жан-дүниесін, әдет-ғұрпын, және Абай шығармаларын және басқа да әдебиетіміздің, Әуезов бастаған өкілдерінің шығармаларын сол елдерге насихаттайтын боламыз.

Еліміздің Жазушылар Одағы бұл мәселеге қазірдің өзінде бел шеше кірісіп кеткен.

 

Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар, қалан!

Данышпан ақынның шығармалары туған халқының қамын ойлаумен бірге, оның әлемдік деңгейдегі ойшыл бола білгенін көрсетеді. Осындай байламмен шетелдегі елшіліктер жанынан Абай орталықтары ашылатын болды. Ал бүгіннен бастап елімізде республикалық деңгейде Абай тойы басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде