{metadescription}
Елордада снюс саудалайтын дүкендер емін-еркін жұмыс істеп жатыр
Елордада снюс саудалайтын дүкендер емін-еркін жұмыс істеп жатыр

Елордада снюс саудалайтын дүкендер емін-еркін жұмыс істеп жатыр

Бас қалада снюстің саудасы қызып тұр. Былтыр желтоқсан айынан бері елімізде оны сатуға уақытша тыйым салынған еді. Алайда қалта қампайтуды ойлайтын саудагерлер шектеулерге пысқырып та қарамайды. Нұр-Сұлтан қаласының қақ ортасында снюстерді саудалайтын дүкендер емін-еркін жұмыс істеп жатыр. Елордалық тілшіміз соған көз жеткізіп келді.

«Снюс сатылады» деген жарнама интернет бетінде толып жүр. Оған көз жеткізу қиын емес. Бар болғаны ғаламторда іздеу салсаңыз жетіп жатыр. Сүт пісірім уақытта межелі дүкеннің мекен-жайын біліп алып, жетіп бардық. Расында, сөрелерде снюстің сан түрі самсап тұр. Сатушы зиянды затқа сұраныстың көптігін айтады.

-Білмеймін, бұл жерде таяудан бері ғана істеймін, мұнда аз қалды.

-Жылдам сатылып жатыр ма?

-Иә.

Бұл снюстің бір ғана қалташасында, сарапшылардың айтуынша, үш қорап темекінің никотині бар. Ал снюстерді  мектептің жанындағы қарапайым дүкеннен еш қиындықсыз сатып алдық.

 

Мәліметтерге қарағанда, зиянды заттар Қазақстанға Үндістаннан, Ресейден әкелінеді. Ал дәрігерлер оның зиянын айтып талайдан дабыл қағып жүр. Себебі, жақында Ресейде бір бала осы снюстің кесірінен көз жұмды.

Николай Мутяк, нарколог:

- Снюс адам бойында никотинге тәуелділікті арттырады. Әуелі бұл заттар темекіні алмастыру үшін шығарылған еді. Алайда адам ағзасына зардабы орасан. Ми жұмысына айтарлықтай кері әсерін тигізеді.   

Елімізде бұл зиянды заттарға желтоқсанның 20-да уақытша тыйым салынған еді. Ал көптеген елдерде снюстарды саудалауға 1992 жылдан бері рұқсат жоқ.

Жандарбек Бекшин, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері:

- Егер депутаттар бірауыздан қолдаса, снюстарды өндіру, таратуға түбегейлі тыйым салынатын болады. Әрі бұл шешім құқықтық нормативтік актілермен бекітіліп, санитарлық ережеге енгізіледі.

Снюс саудалап таратқан сауда орындарға 4 миллион теңгедей айыппұл салынады. Қазір полицейлер мектеп оқушыларына бұл заттың зияны хақында кеңінен ақпарат таратып жүр.

Әлия Қибатқызы, Нұр-Сұлтан қалалық ПД аға жедел уәкілі:

- Қалада снюс деген заттар сатылатыны туралы ақпарат келіп түсті. Осы заттарды дүкендерге барып, сатып алып, сот-химиялық сараптамаға жіберіп, оның ішінде өте көп көлемде никотин бар екені анықталды.

Айта кетерлігі, Ресейде де бұл заттарды ел ішінде таратуға шектеу болғанымен, өндірісіне рұқсат етілген. Ал Қазақстан мен Беларусь тыйым салған. Дегенмен дәрігерлер әр ата-ананы балаларын жіті бақылауда ұстауға шақырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.