Елордалық кәсіпкерлерді қорқытып бопсалаған Әзірбайжан азаматы қолға түсті
Елордалық кәсіпкерлерді қорқытып, қалтасын қағып келген трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері құрықталды. Ал бопсаланған миллиондар топтың Түркиядағы жетекшілеріне аударылыпты.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
21.01.2020
Ұлттық қауіпсіздік қызметіның құрығына түскен – Әзірбайжан азаматы мен оның жандайшаптары. Оларға Қылмыстық кодекстің «Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық әрекетін қаржыландыру» бабы бойынша іс қозғалған. Қазір күдікті бас шаһардағы тергеу изоляторына қамалыпты. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Айтып өтейік, былтыр 10 қыркүйекте де Ұлттық қауіпсіздік қызметі дәл осы қылмыстық топтың жетекшілерінің бірі мен мүшелерін қылмыс үстінде ұстаған-ды. Олар қашанғыдай әдетімен қорқытып-үркітіп, кәсіпкерден «Тойота» маркалы көлікті заңсыз алмақ болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!