Оңтүстік Кореяда қазақстандық қыз асылып өлді
Оңтүстік Кореяда қазақстандық қыздың өлі денесі табылды. 29 жастағы жерлесіміз Ансан қаласында тұрып жатқан үйінің ваннасында асылып қалған. Оның бұл қалада не мақсатпен жүргені әзірге белгісіз. Мән-жайды жергілікті тергеушілер мен біздің дипломаттар анықтап жатыр.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
21.01.2020
Нұрбек Алмашов, ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Оңтүстік Кореядағы Ансан қаласындағы пәтерінде біздің азаматшамыздың денесі табылды. Қазір сот-тергеу жұмыстары жүргізілуде. Және сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қазақстанның Кореядағы елшілігінің консулдық бөлімі барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде. Орал деп айтып жатыр, бірақ бізде нақты ресми ақпарат жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!