{metadescription}
Қалың қардың кесірінен жұрт Зеренді әкімдерінің есеп беруіне бара алмай отыр
Қалың қардың кесірінен жұрт Зеренді әкімдерінің есеп беруіне бара алмай отыр

Қалың қардың кесірінен жұрт Зеренді әкімдерінің есеп беруіне бара алмай отыр

Қарды әдейі күремеген! Ақмола облысының Зеренді ауданында басталған әкімдердің есеп беру кездесуіне ауыл тұрғындары жете алмай жатыр. Олар жылына бір рет халық алдына келетін аудан басшысына шағымдарын жеткізгісі келген. Бірақ ауылдық округ орталығына баратын жолды қар басып қалыпты. Тұрғындар оны шенеуніктер жиынға жұртты қатыстырмау үшін «әдейі тазартпады» деп ашулы.

Бірнеше күннен бері жабық жатқан ауылға апарар жол бүгін жылан жалағандай тазартылған. Тіпті ауыр техникамен қас қақпастан күзетіп тұр. Бұндай жағдай қыс бойына бір-ақ рет болады дейді тұрғындар ауылға аудан әкімі келгенде.

Округ орталығы Қызылегіске апарар жол. Бүгін аудан әкімі халықпен кездесуге келе жатыр. Бір жылда Зерендіге тағайындалған үшінші әкім. Бауыржан Ғайсаға дейін екі бірдей шенеунік жемқорлықпен істі болды. Сондықтан ауыл тұрғындары жаңа басшыға қордаланған мәселелерді айтуға алдын ала әзірленген. Бірақ округке қарасты  үш ауылдың бірі – Қарашілік жұрты мұнда жете алмады.

-Жиналысқа қатыстырмаудың амалын істеп отыр. Жол жоқ! Не Ортағаш пен екі ауыл арасында,не Қызылегіспен екі ауыл арасында жол жоқ.

Ал Ортағаш ауылынан келетін жол кеше ғана қардан аршылыпты.

Асқар Әбжанов, Ортағаш ауылының тұрғыны:

- Әдірем қалған ауыл болдық. Ешкімге керегі жоқ. Әкімге бәрін айтып-айтып шаршадық. Қыс бойы міне, жол болмады. Соған ашынып, жиын болады деген соң елдің жігіттері бәріміз ұйымдасып келіп отырмыз. Әкім келеді, жиын болады деген соң ашылып жатыр. Осы жолдың мәселесі әбден тығырыққа тіреді.

Жиында тұрғындар біраз мәселені айтты. Аудан әкімі бұған дейінгі әкімдер сияқты жаңа жұмыс орындарын ашуға, жаңа құбыр тартып, ауыз суды үйге дейін кіргізуге уәде берді. «Бірақ  жол тазартуға аудандағы коммуналдық қызметтің қазір қауқары жоқ. Кәсіпорын банкрот алдында», - деді. Ал бір жыл бұрын әкесінің орнына әкім болған Қызылегіс ауылдық округының әкімі Талғат Ахметбеков ашылмаған жолды емес, жиынға келмеген жұрттың өзін кінәлады.

Талғат Ахметбеков, Қызылегіс ауылдық округінің әкімі:

- Егер де олардың ниеті болса, Қарашілік ауылы тұрғындарының ниеті болса, орман шаруашылығымен айналма жол бар. Ортағаш ауылының кісілерімен бірігіп осында келуге болар еді. Неге олардың бензині жоқ екенін мен айта алмаймын.

Тұрғындар бензин түгілі, электр жарығынан да жиі қағылады. Мәселен, Қызылегіс ауылындағылар жаңа жылды жарықсыз қарсы алған. Жаңа әкім осындай жеті ауылдың электр желісін 15 жыл бұрын жеке меншігіне алған монополистермен де күресетінін айтты. Ал тұрғындар бұған сенер-сенбесін білмей тарқасты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.