{metadescription}
Текетірес! Авторлар қоғамы басшыларының көздегені не?
Текетірес! Авторлар қоғамы басшыларының көздегені не?

Текетірес! Авторлар қоғамы басшыларының көздегені не?

Төрағалар текетіресінен авторлардың тиынсыз қалатын түрі бар. Қазақстан авторлар қоғамының бұрынғы басшысы Марал Ысқақбай мен қазіргі бас директоры Байғали Есенәлиевтің арасындағы дау әлі басылар емес. Ортақ шешімге келе алмаған тараптар бір-бірін айыптап соттасып жатыр. Соның салдарынан елге танымал ақын-жазушылар мен композиторлар қаламақысын тоғыз айдан бері ала алмай жүр. Қос тараптың көздегені ақша ма, әлде авторлардың құқығы ма?

Қазақстан авторлар қоғамын ұзақ жыл басқарған жазушы Марал Ысқақбай осы ұйымды қайтарып алуға бекінген. Сол үшін танымал ақын-жазушылар мен композиторларды жинаған ол жақында ауданаралық соттың жаңа төрағаның заңсыз әрекеттерін әшкерелегенін мәлімдеді. Соған қарамастан, олар жайбарақат ұйымның жұмысын жандандырып, алған бетінен қайтпай отыр дейді жазушы.

Марал Ысқақбай, жазушы:

- Бұл мәселе сотта қаралған. Олардың іс-әрекеттерінің бәрі заңсыз деген шешім шығарылған. Бірақ олардың тоқтайтын түрі жоқ. Аппелляциялық соттың аяғын тоспай, олар тағы да үшінші рет кезектен тыс жиналыс өткізді. 23 қана автор бар тізімде. Қалғандары белгісіз адамдар. Біз оны тиісті орынға тапсырдық.

Ал осы жағдай бас-аяғы 3500 авторға кері әсер етіп отыр. Қаламақысын ала алмай қиналған кей авторлар бұрынғы күндер «көзден бұлбұл ұшты» деп налиды. Мәселен, ақын Бекжан Әшірбаев құлқынның қамын ойлаған жаңа басшылықтың ұйымға кім көрінгенді тартқаны «тіптен басынғандық» дейді.

Бекжан Әшірбаев, ақын:

 - «Ләйлім ләкәтім, насыбай бар ма, бір атым» деп ауылда ән шығарып, бір-екі өлең жазған адамның бәрін Қазақстан авторлар қоғамына мүше қылуға болмайды ғой. Өзінің серіктестерін, әріптестерін жинау үшін. Бұл жерді авдидің атқорасы қылуға болмайды. Бұл менің намысыма осында отырған адамдардың намысына тиетін мәселе ғой. 

Авторлар қоғамының бас директоры Байғали Есенәлиев ұйымның мүшелері жақында өзін төраға етіп сайлағанын жеткізді. Бірақ бұл лауазым соттан кейін күшіне енбек. Сондай-ақ, ол еліміздің түкпір-түкпірін аралап, мыңнан аса талантты авторға жол көрсеткенін айтады. Бірақ директор жазушы Марал Ысқақбай: «Жұмысымызға кедергі келтіріп, маза бермейді», - дейді. Сондықтан жаңа басшылық сотқа апелляциялық шағым түсіріп, бұрынғы төрағаның былықтарын жалпақ жұртқа жария етуге құлшынып отыр.

Байғали Есенәлиев, Қазақстан авторлар қоғамының бас директоры:

- Наурыз айында өткен жиналыстың шешімін жоққа шығарды. Заңсыз деп тапты. Бірақ министрліктің тіркеуін жоққа шығара алған жоқ. Сондықтан заңды қоғамның басшысы бізбіз. Мен өзім автормын. Маған ең бірінші авторлардың мүддесі қымбат. Содан кейін осындай қадамға бардық. Әйтпесе, сексеннен асқан адамға басқара бер дейтін жөніміз бар ғой. 

Осылайша баспасөз беттерінде бір-бірін айыптап жатқан төрағалардың дауы өршіп барады. Сондықтан ұйымға мүше авторлар қаламақыларын әлі ұзақ күтетін сыңайлы. Оған қоса, авторлар қоғамының есеп-шотындағы 800 миллион теңге бұғатталып тұр. Ал кімге жақтасарын білмей басы қатқан өнер қайраткерлері ақпан айында апелляциялық шағымды қарайтын сотқа үміт артып отыр. Өйткені осы сот процесінде дауға соңғы нүкте қойылуы мүмкін.

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде